RU EN UA KZ
Бас
+7 (812) 323-75-97
Мұнай өнімдерінің қасиеттері мен экологиялық бақылауды талдауға арналған аспап
b01
b02
 

Компания туралы

«Нефтехимавтоматика-СПб» ЖШҚ, Ленинградтық арнайы «Нефтехимавтоматика» конструкторлық бюросының негізінде құрылды, аналитикалық аспап жасау саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі болып табылады және мұнай өнімдері мен экологиялық мониторинг сапасын бақылауға арналған заманауи аспаптарды әзірлеу мен дайындаумен айналысады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен басқа да тапсырыс берушілердің қажеттіліктерін ескере отырып, «Нефтехимавтоматика-СПб» ЖШҚ өз қызметінде келесі негізгі міндеттерді шешеді:

  • мұнай өнімдерін талдауға арналған аспаптардың жаңа моделдерін, атап айтқанда отынның Техникалық регламентіне енгізілген сипаттамаларды бақылауға арналған жаңа аппараттарды әзірлеу, сертификаттау және сериялық дайындау;
  • мұнай өнімдерінің сапасын бақылауға арналған бұрын әзірленген аспаптар мен аппараттарды модерлендіру және заманауи элементарлы базаға ауыстыру, олардың дайындалуы және сертификатталуы;
  • экологиялық бақылауға, бірінші кезекте су мен топырақтың мұнай өнімдерімен, синтетикалық беткі-белсенді заттармен және майлармен лайлануын бақылау арналған аспаптарды әзірлеу, сертификаттау және дайындау
  • аспаптардың іске қосу-жөндеу жұмыстары, кепілді және сервистік қызмет көрсетулер.

Барлық шығарылатын өнім отандық және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес және жоғары сенімділікпен ерекшеленеді.

Ең жақсы шетелдік аналогтарымен салыстырған кезде, шығарылатын бұйымдардың мағыналы төмен бағасына қарамастан техникалық сипаттамалар бойынша сапасының шетелдік бұйымдардан кем еместігі анықталды.

Бізбен шығарылған мыңдаған аспаптар Ресейдің барлық өңірлерінде, ТМД және ЕО елдерінде жұмыс істейді. Біздің өнімімізді ннегізгі ірі тұтынушы мұнай компаниялары Роснефть, Лукойл, ТНК-BP, Сургутнефтегаз және басқ., Газпром кәсіпорындары, көптеген мұнай базалары мен терминалдар, ЖЭС, ГРЭС және АЭС, Стандарттау және метрология орталлықтары, СУ каналының өңірлік бөлімдері, ҒЗИ және әртүрлі салалардағы өнеркәсіптік кәсіпорындар.

Сіздің назарыңызға өзіміздің бұйымдарымыздың сипаттарын ұсына отырып, жемісті әрі өзара пайдалы ынтымақтастыққа сенім артамыз.