Жаңалықтар |
Отынның техникалық регламентіне енгізілген сипаттамаларды автоматты бақылауға арналған жаңа аспаптардың сериялық өндірісі берілген: - АТФ-01. Аппарат сыуқ сүзгіде дизельді және пеш отынының сүзушілігінің шекті температурасын автоматты анықтауға арналған. Жұмыста сенімді және қолайлы, өзінің техникалық сипаттамалары бойынша ең үздік шет ел аналогтарынан кем емес. - ЭЛ-4М. Мемлекеттік өлшеу құралдары тізіміне енгізілген және антистаттық қосымымен және оны қолданбастан реактивті отынды қоса, көмірсутекті сұйықтықтардың өзіндік электр өткізгіштіктерін өлшеу үшін қолданылатын тасымалданатын аспап. - АДП-02. Аппарат бензиндердің қаныққан буларын автоматты анықтау үшін қолданылады. Модерлендірілген соң термостаттау мен өзін-өзі диагноздау жүйесі жақсартылды және деректерді беру интерфейсі енгізілді. ЛАЗ сериялы аппараттардың принципиалды жаңа модификацияларын дайындау жолға қойылды: ЛАЗ-М, ЛАЗ-М1, ЛАЗ-М2, ЛАЗ-М3. Мұнай өнімдерінің тұрып қалу, ағу және лайлану температураларын анықтаудың заманауи моделдері алдыңғы ЛАЗ-93 түріндегі аппараттардан пайдалану кезіндегі сенімділігімен, қолайлылығымен және кіші габариттерімен ерекшеленеді. ЛТН-03 жоғары дәлділікті термостат модерлендірілген және оның пайдаланушылық сипаттамалары жақсартылған. АН-2 суда мұнай өнімдерінің болуын талдағыштың талшықты-электронды блогы жетілдірілді, оның сенімділігі мен өлшеу дәлдігі арттырылды. Шағын уытты және қол жетімді экстрагенттерді талдау кезінде ЕО елдерінде қодануға тыйым салынған төрт хлорлы көміртегімен тетрахлорэтиленді қолдану көзделген. Бензиннің индукциялық кезеңін анықтауға арналған ИПБ-1 аппаратының бомабалары қосымша қорғаныс мембраналарының жаңа блогымен жарақтандырылған. |