АДП-02
АДП-02 аппараты МЕМСТ 1756 және ASTM D323 сәйкес мұнай өнімдерінің қаныққан буларының қысымын автоматты анықтау үшін қолданылады. Аппарат мұнай базаларының зертханаларында және өнеркәсіптің мұнай өндіру, мұнай өңдеу және басқа салаларындағы зертханаларда, сондай-ақ стандарттау және метрология орталықтары мен ғылыми-зерттеу институттарында қолданылады.
АДП-02 аппаратының негізгі құрамдас бөліктері болып табылады:
- бомбаның реверсті айналуына арналған механикалық құрылғымен қамтамасыз етілген арнайы сулы термостат;
- үш Рейд сынақ бомбасы;
- үш монометриялық датчиктері мен бомбаларының саны бойынша үш сандық таблосы бар өлшеу блогы.
Техникалық сипаттамалар
Өлшенетін қысымның диапазоны |
0 бастап 180 кПа дейінгі |
Өлшеудің жұмыс температурасы |
37,8 oС ± 0,1 oС |
Қорытындыларды беру |
төрт реттік сандық табло |
Өлшеу каналдарының саны |
3 |
Сілкіндіру жүйесі |
риверсивті айналу |
Электрмен қоректену
параметрлері
|
ауыспалы ток желісі (220В, 50Гц) |
Ауқымды өлшемдер |
840 х 430 х 320 мм |
Масса |
40 кг |
АДП-02 аппаратының отандық аналогтарынан өзгешелігі өлшеу процесі толық автоматтандырылған. Бұл еңбек жағдайын жақсарту мен талдаудың метрологиялық сипаттамасын арттыру мүмкіндігін береді. Оператордан тек сынақ бомбаларын толтыру, оларды аппаратқа орнату мен тумблерді қосу талап етіледі. Талдау нәтижесі 4-5 минуттан соң сандық таблода көрінеді.
Мұнай өнімдерінің қаныққан буларының қысымын анықтау үдерісінде тұрақты түрде негізгі тораптардың жұмысын диагноздауды тұрақты жүргізді.
Термостаттау блогының жұмысы бұзылған жағдайда қадағалау жүйесі қыздыру элементтерін өшіреді және дисплейге жөнсіздік туралы ақпаратты шығарады
Мұнай өнімдерінің қаныққан буларын анықтаған кезде сынақ бомбалардың реверстік айналу механизмінің жұмысына тұрақты бақылау жүргізіледі. Механизмнің жұмысы бұзылған жағдайда, тиісті ақпарат сандық дисплейге шығарылады.
АДП-02 пайдалануға қолайлы, сенімді және өздерінің техникалық сипаттамалары бойынша ең жақсы шетелдік аналогтарға жол бермейді.
Тауарлар тізіміне қайтып келу